Байтана үшін ҚПЛ маусымы аяқталды
![Байтана үшін ҚПЛ маусымы аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202210/203991_8299a8df10cc38bbf20a8e1166f58b98.jpg?v=28644149)
«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана дисквалификацияға байланысты Қазақстан Премьер-Лигасының қалған матчтарына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қауіпті өрескел ойында көрсетілген спортқа тән емес мінез-құлық үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Ақтөбе командасының ойыншысы Байтана Бауыржан екі кездесуге қатысу құқығынан айырылады. Жазалау мерзімі 2022 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі», - делінген Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімінде.
«Тұранмен» өткен ойынның 42-минутында Байтана түркістандықтардың қақпашысы Ержан Токотаевқа қарсы дөрекі ойнады.
Айта кетейік, ақтөбелік клубтың ҚПЛ маусымында «Ордабасы» және «Қайратқа» қарсы ойнауға екі кездесуі қалды.