Қытайда тұратын этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (38-10) UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы файтер Instagram парақшасында мәлімдеді.

«UFC-мен екінші келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Алда бәрі жақсы болады деп сенемін», – деп жазды Нұрданбек.

Сайран келесі жекпе-жегін америкалық Дэррик Миннерге (26-13) қарсы өткізеді. Нұрданбек — Миннер жекпе-жегі 5 қарашада Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 214 турнирінде өтеді.

Сайран Нұрданбек кейінгі жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Ти Джей Браунды (16-9) жеңген болатын.