Аралас жекпе-жектен америкалық файтер Колби Ковингтон шешен текті швед файтері Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ковингтон айқасқа келісті. Қазір келісімшарттың егжей-тегжейлері талқыланып жатыр. Бұл тартысты жекпе-жек болады. Жеңімпаз чемпиондық белбеу үшін күреседі», - деп хабарлайды ТАСС Чимаевтың командасындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт промоушен Чимаев пен Ковингтон арасындағы жекпе-жекті келесі наурызда Камару Усман мен Леон Эдвардс арасындағы титулдық жекпе-жек сияқты турнирде өткізуді жоспарлап отырғанын растады.

Хамзат Чимаев бүгінге дейін 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ковингтонда 17 жеңіс және үш жеңіліс бар.