Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Республика күніне орай үндеу жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы инстаграм парақшасында жаттығу залында түскен суретін жариялап, «25 қазан Республика күні құтты болсын, қазақ елі» деп жазды.

Айта кетейік, Ербосынұлы 5 қарашада екінші орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін кубалық Давид Моррелммен кездеседі.