Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) кезекті спаррингінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек спарринг-әріптесі, тележүргізуші әрі актер Марио Лопесті бағалады.

«Марио Лопес, 50 жасқа келгенде сен секілді бабымда болғым келеді. Ауыр жұмыс», – деп жазды 29 жастағы қазақстандық Инстаграмда.

Еске салайық, Жәнібек 12 қарашада ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жұдырықтасады.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly