Алматылық «Қайрат» АФК ойыншылары футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алдында Бельгияда алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде алматылықтар 1-топта жергілікті «Андерлехтпен» (27 қазанға қараған түні), испаниялық «Пальма Футзалмен» (27 қазанда) және париждік «Спортингпен» (29 қазанда) кездеседі. Үздік үш команда элиталық кезеңге шығады.

Фото afckairat.kz