Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады.

«Достар, жарақат алуыма байланысты кездесу болмайтынын жеткізуге мәжбүрмін. Бұл кездесу Алматыда желтоқсанда ұйымдастырылатын болар», - деп жазды ол.

Айта кетсек, «Найман» 28 қазан күні армян файтері Давида Хачатрянмен TOP Fight промоушенінде титулды жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланған еді.