Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов танымал Vringe.com порталының рейтингісінде бір саты жоғарылады, деп жазады Prosports.kz.

«Номад» жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде 10-орыннан 9-орынға көтерілді. Ал Хамзат Чимаев (Швеция) 4-қатардан 5-сатыға сырғыды.

Айта кетейік, Шавкат UFC-дегі кейінгі жекпе-жегінде АҚШ спортшысы Нил Магниді мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 14 қаңтарда өтеді. Шавкат америкалық файтер Джефф Нилмен кездеседі.