Шабуылшы Абат Айымбетов «Атырауға» қарсы матчта Премьер-лигадағы 45-голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Абат Аймбетов ҚПЛ-да үш команда сапында өнер көрсетті. Атап айтқанда «Ақтөбеде» 21 гол соқты (108 матч), «Қайратта» 10 гол (20 матч) және қазіргі командасы «Астана» сапында 30 матчқа қатысып, 14 гол соқты.

Шабуылшы ел чемпионатында жалпы 158 матчта алаңға шығып, 45 гол соқты.