Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-туры аясында «Тараз» бен «Каспий» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Таразда өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. «Каспий» сапынан «Тараздың» бұрынғы ойыншысы Әлишер Сүлей көзге түссе, алаң иелер сапынан Абылайхан Жұмабек мергендік танытты.

ҚПЛ. 24-тур

«Тараз» - «Каспий» - 1:1 (0:1)

Гол соққан: Сүлей 38, Жұмабек 86