Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (12-0, 11 КО) Питтсбургтегі (АҚШ) жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы Инстаграмда көшедегі жаттығуының видеосын жариялады.

«Күн шықпаса да, бәрі тамаша», — деп жазды Дычко.

Дычко 23 маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Кевин Эспиндоланы (7-4, 2 КО) төрешілер шешішімен жеңген болатын. Боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні әлі хабарланған жоқ.