WBA International титулының иегері, қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Мехико қаласында (Мексика) өткен бокс кешінде ол екінші орта салмақта мексикалық Лучано Арауджоға (6-6-3, 3 КО) қарсы жекпе-жек өткізді. Сегіз раундқа жоспарланған айқастың екінші раундынд Нұрмағанбет техникалық нокаутпен жеңіс тойлады.

Осылайша қазақстандық кәсіпқойлар арасындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді, оның алтауы мерзімінен бұрын болды.

Айта кетейік, осы бокс кеші аясында тағы бір қазақстандық Әбілхан Аманқұл (2-0, 1 КО) мексикалық Йессон Пачеко Сервантесті (6-1, 3 КО) нокаутпен жеңді.