Астанада «SD Family» және «Jusan» бірлесіп ұйымдастырған «Өз лигамыз» балалар турнирі аяқталды. Турнир қалай өткені Prosports.kz материалында.

«Өз лигамыз» турнирі 27 тамызда басталып, 22 қазанға дейін жалғасты. Командалар апта сайын матч өткізіп, әрқайсы тоғыз кездесуден ойнады.

Барлық кездесуден кейін жеңімпаздар марапатталды.

«Турнирді «SD Family» мен «Jusan» ұйымдастырды. Бұл жарыс жетінші рет өтіп жатыр. Бұл жолғы кездесулер футзалдан еліміздегі ең үздік спорт ареналарының бірі – «Сайран Аренада» өтті. Мұнда біз жанкүйерлер мен ата-аналар үшін ең жақсы жағдайды жасадық. Көпшілік жоғары ұйымшылдыққа тәнті болды», - деді турнир жетекшісі Даниил Пичкарев.