«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» АФК құрамы:

Қақпашылар: Деннис, Игита;

Қорғаушылар: Кайо Сезар, Диего, Дуглас, Біржан Оразов, Карлос Санс;

Шабуылшылар: Фернандиньо, Эдсон, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Вилела, Кайо Руис.

Айта кетейік, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алматылық «Қайрат» бельгиялық «Халле-Гооик», испаниялық «Пальма» және франциялық «Спортинг Париж» командасымен бір топта бақ сынайды. «Қайрат» 26 қазанда «Халле-Гооикпен» 27 қазанда «Пальмамен», 29 қазанда «Спортинг Парижмен» кездеседі.