Қазақстандық еркін күрес палуаны Дәулет Ергеш осы күндері Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде үшін таласады.

Қазақстандық палуан жарыстың 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға өтіп, онда Грузия спортшысы Владимери Гамкрелидземен кездеседі. Жартылай финалда Ергеш Америка спортшысы Картер Старокчимен өткен жекпе-жекте қарсыласын 8-7 есебімен ұтты.

Бұған дейін грек-рим күресінен қазақ палуаны Олжас Сұлтан 60 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын.