Қазақстандық еркін күрес шебері, Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы Олег Болтин еркін күрестегі мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

UWW Олег Болтинді рейтингте үздік тұрған балуандар кіретін жұлдыздар командасының құрамында әлем кубогына қатысуға шақырған хат жолдады.

Алайда Олег Болтин мансабының аяқталуына байланысты қатысудан бас тартты. Спортшы жапониялық New Japan Pro-Wrestling реслинг-промоушнмен келісімшартқа отырды. Өкінішке орай, келісімшартқа қол қойылғандықтан, Олег енді еркін күрестен жарысқа қатыса алмайды.