Түркиядағы OCTAGON 36 турнирінде танымал ресейлік файтер Азамат Бекоев (13-3) Еуразиялық промоушендегі дебютін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы Солтүстік Осетия файтері 21 қазан күні жеңіліп көрмеген ирандық Бехнам Салимимен (2:0) кездеседі.

ACA промоушенінде Бекоевтың қатысуымен өткен жекпе-жектердің видеосы:

Еске салайық, 21 қазанда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Керім Даидов (5-0) ұйымның орта салмақтағы чемпионы атағын өзбекстандық Абдукодир Абдуворисовпен (4-0) сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.