Түркиядағы OCTAGON 36 турнирінде жеңіл салмақтағы қазақстандық Иманғали Қожахмет (1-0) Еуразиялық промоушендегі дебютін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы жергілікті файтер Салар Вализаде болады (1-1). Айта кетейік, екі боксшы үшін де алдағы жекпе-жек ұйымдағы дебют болады.

Еске салайық, 21 қазанда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Керім Даидов (5-0) ұйымның орта салмақтағы чемпионы атағын өзбекстандық Абдукодир Абдуворисовпен (4-0) сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.