«Ордабасы» ФК және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Эльхан Астанов Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында денсаулығының, шымкенттіктердің «Астана Аренадағы» сәтсіздігінің себептері мен маусым аяғындағы мақсаттары туралы айтып берді.

– Эльхан, мән-жайды анықтап берсеңіз – 22-турдағы «Астанаға» қарсы ойынға неге қатыспадыңыз?

- «Астанаға» қарсы матчқа жарақатыма байланысты қатыса алмадым. Соңғы «Атыраумен» өткен ойында аяғымнан ауыр соққы алдым, ісік пайда болды. Осыдан кейін, алтыншы қазанда жаттығуда жарақат асқынып кетті. Жаттықтырушылармен және медицина қызметкерлерімен бірге біз тәуекелге бармауды ұйғардық, әсіресе «Астана Аренадағы» жасанды жабынды ескере отырып, жағдайды одан сайын нашарлату мүмкіндігі бар еді.

Сондықтан матч болатын күні тойда жүрдім деген қауесеттерді сейілткім келеді. Мен тойға шынымен де қатыстым, бірақ ол басқа күн болды, сондықтан мен «Астанамен» кездесуді жарақатыма байланысты өткізіп алғанымды тағы бір рет айтамын. Александр Сергеевич («Ордабасы» ФК-ның бас бапкері – Prosports.kz) команданың вирус жұқтырғанын және бұл рас: кейбір ойыншылар ойынға ауырып барғанын және матч алдында жаттығуға қатыса алмаған футболшылар да болды

Жақын күндері жаттығуды бастауға тырысамын, егер бәрі ойдағыдай болса, «Шахтерге» қарсы ойнайтын шығармын.

– Қазақстанның алты дүркін чемпиондарымен кездесуді қайдан көрдіңіз?

- «Астанаға» қарсы матчты үйде ата-анаммен бірге тамашаладым, командамызды қолдадық.

- Екінші таймда өз қақпасына алты гол жіберіп, клубтық антирекорд орнатқан командаңызға не болды деп ойлайсыз?

- Шынымды айтсам, екінші таймда командаға не болғанын білмеймін, өйткені үзіліске дейін бәрі жақсы болды. Бас бапкеріміз матчтан кейін нәтижеге қатысты пікір білдірді, бұл ойынға берілген шынайы баға деп ойлаймын.

– «Ордабасы» және сіздің маусым соңындағы жеке мақсаттарыңыз қандай?

- Конференция лигасына жолдама алып, Қазақстан кубогын жеңіп алуға тырысқанымыз дұрыс болар еді. Ол үшін бар күшімізді саламыз, тырысамыз, күресеміз. Менің жеке мақсатым - командаммен бірге оң нәтиже көрсету.

– Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребесіне қандай баға берер едіңіз?

- Қиын топ. Дания, Словения – барлық командалар мықты, қиын болады. Қайсар мінез көрсетіп, жоғары орындарға таласамыз. Жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз, тағы да керемет қолдау күтеміз. Барлығы ойдағыдай болып, алға қойған мақсаттарымызға жетеміз деп сенемін.