УЕФА 2024 Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

9 қазанда Франкфурт-на-Майнеде өткен жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы H тобына түскен. Қарсыластары - Дания, Финляндия, Солтүстік Ирландия, Словения және Сан-Марино.

Бүгін топтың жарыс кестесі белгілі болды. Магомед Адиев шәкірттері іріктеу кезеңін 2023 жылы 23 наурызда бастайды. Наурыздағы екі матч та өз алаңымызда өтеді, алдымен Словенияны қабылдаймыз.

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі жарыс кестесі:

23 наурыз: Қазақстан – Словения26 наурыз: Қазақстан – Солтүстік Ирландия16 маусым: Сан-Марино – Қазақстан19 маусым: Солтүстік Ирландия – Қазақстан7 қыркүйек: Қазақстан – Финляндия10 қыркүйек: Қазақстан – Солтүстік Ирландия14 қазан: Дания - Қазақстан17 қазан: Финляндия – Қазақстан17 қараша: Қазақстан – Сан-Марино20 қараша: Словения – Қазақстан

H тобының толық күнтізбесі мынадай: