Жартылай қорғаушы Самат Жарынбетов «Ақсуға» қарсы матчта «Тобыл» сапындағы Премьер-лигадағы 100-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

28 жастағы ойыншы «Тобыл» жейдесінде ҚПЛ-дағы алғашқы матчын 2017 жылы 6 мамырда «Астанаға» қарсы кездесуде (1:1) өткізді.Содан бері әмбебап жартылай қорғаушы «Тобыл» 100 матчта алаңға шығып, 4 гол соқты.