Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторларының бірі Крейг Пейдж ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызатынына сенбейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бентли былтыр сәуірде Феликс Кэштен үшінші раундта нокаутпен жеңілді. Осы жеңілістен кейін Бентли Маркус Моррисон, Линус Удофия және Сэм Эвансты жеңді. Бентли мамырда 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Удофияны қиындықпен жеңді. 27 жастағы Бентлидің Жәнібек сынды талантты жеңуге мүмкіндігі жоқ. Егер ол Феликс Кэшке бәсекелес бола алмаса, Әлімханұлымен жекпе-жекте жеңіске жете алмайды», - деп жазды басылым.

Әлімханұлы мен Бентли жекпе-жегі 12 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.

Кейін америкалық боксшы Деметриус Андраде Әлімханұлымен міндетті жекпе-жектен бас тартты. Осыған байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы мәртебесі берілген.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle