Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) The Ring басылымына берген сұхбатында Лас-Вегаста америкалық Габриэль Росадоны неліктен нокаутпен жеңуге тырыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«10 раунд тобық жұдырықтасуға тырыстым. Оны нокаутқа түсіруді ойлаған жоқпын, өйткені осыдан кейін бұдан да қиын жекпе-жек күтіп тұрғаны анық, сол үшін ұзаққа созылған жекпе-жектерде көбірек тәжірибе жинағым келді», - деді 27 жастағы алматылық.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Әли Ахмедов Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Габриэль Росадоны төрешілер шешімімен жеңіп, WBC International және IBF North American белбеулеріне ие болды.