Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) проф рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз Люблиндегі (Польша) бокс кешінде өнер көрсетіп, аргентиналық Марсело Косереспен (31-5-1, 17 КО) кездесті.

Қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Нұрсұлтановқа орта салмақтағы WBO International титулын қорғауға мүмкіндік берді.