Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Люблинде (Польша) өтіп жатқан бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Оңтүстік Африка елінің өкілі Сифосету Мвуламен жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген жекпе-жек 7-раундта аяқталды. Сойлыбаев қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA Inter-Continental титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.