V Дүниежүізілік көшпенділер ойынында ел қоржынына алғашқы медаль салынды. Күміс жүлдені садақ атудан Қанат Қасымхан иемденді.

Дәстүрлі садақ атудан бұл жарысқа әлемнің 32 елінен 135 спортшы бақ сынап жатыр. Түркияның төртінші ірі қаласы Бурсаның шалғайда орналасқан Изниктегі этно ауылға арнамыздан меншікті тілшісі Меруерт Қанағат барып көрді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Бурсаның Изник ауданының таңдалуы бекер емес. Түркі дүниесінің мәдени астанасына 100 шақырым қашықтықта көл жағалауында орналасқан қалашық, Анадолы Селжук мемлекетінің орталығы болған.

Екі жылда бір өтетін спорттық додаға әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып отыр. Ұлттық спорттың 23 түрінен өтетін сайысқа ұйымдастырушылар ұзақ дайындалыпты.