Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан күміс жүлде алды.

Аталған сайыста әлемнің 32 елінен келген 135 спортшы бақ сынады. Ерлер арасында үздік 16 мергеннің қатарына Қанат Қасымхан, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев қосылды. Олардың арасынан Қанат Қасымхан финалға шығып, түркиялық Оғыз Оқшымен күш сынасты.

Жарыс барысында ол қарсыласынан 2 ұпайға жеңіліп, күміс медальға қол жеткізді. Бұл - қазақстандық спортшылардың дәстүрлі садақ атудан халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі.