Қазақстан астанасына алдағы ATP 500 Astana Open ірі теннис турнирінің қатысушылары келе бастады.

Түн ауа Астанаға келген әлемнің төртінші ракеткасы Даниил Медведев пен әлемнің тоғызыншы ракеткасы Андрей Рублев Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында жаттығуларына кірісті.

US Open-2021 чемпионы өзінің отандасы Александр Шевченкомен жаттықса, Рублев Чилидің бірінші ракеткасы Кристиан Гаринмен ойын жаттығуларын өткізді.

Турнир 1-9 қазан аралығында өтеді.