Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко бразилиялық Тьяго Уайлдпен бірге Буэнос-Айресте өтіп жатқан Челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Екінші айналымда Попко/Уайлд жұбы Тиаго Агустин Тиранте (Аргентина)/Хуан-Баутиста Торрес (Аргентина) жұбынан жеңілді.

1 сағат 12 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:0, 10:3 есебімен аяқталды.