Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін Германияға қарсы өткізді.

Бүгінгі кездесу 15:25, 18:25, 21:25 есебімен Германия құрамасының пайдасына аяқталды.

Қазақстан әлем чемпионатында С тобында АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада құрамаларымен өнер көрсетуде. Алғашқы ойында АҚШ волейболшыларына есе жіберді.