Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді.

Алғашқы кездесуінде қазақстандық волейболшылар АҚШ құрамасымен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте олар қарсыласына 16:25 есебімен жол берсе, екінші сетте тағы да 13:25 есебімен жол берді. Шешуші үшінші сетте де 12:25 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты.

Осылайша ел құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен жеңілді.