«Тобыл» қорғаушысы Сергей Малый Әзірбайжан құрамасына қарсы ойында (0:3) Қазақстан құрамасы сапындағы 60-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі жазды.

Сергей Малый ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2014 жылы 5 наурызда Литваға қарсы жолдастық ойында өткізген.

Қазақстан құрамасында ең көп матч өткізген ойыншылар:

1. Самат Смақов – 76 кездесу;2. Руслан Балтиев – 73;3. Сергей Малый – 60;4-5. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;4-5. Юрий Логвиненко – 58.