Бүгін Шымкентте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) Ресей құрамасымен (U-16) жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында ресейлік жас футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, Ресей құрмасы ойынның 15-минутында 3:0 есебімен алға шыққан. Осыдан кейін Александр Кузнецов шәкірттері екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ тең нәтижеге немесе жеңіске жету мүмкін болмады.