Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Курбанов Парижде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол гимнастикалық ат жаттығуынан күміс медаль алды. 14.450 ұпай жинады.

Бірінші орын ирландиялық Рис МакЛенаганға (15.100) бұйырды. Ал тайпейлік Шао Ю Ян (14.350) үшінші орын алды.