Австрияның Хинценбах қаласында өтіп жатқан шаңғымен секіруден жазғы Гран-при жарысының 7-ші кезеңінде 90 метрлік трамплиннен секіру бойынша іріктеу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Данил Васильев іріктеу талпынысы үшін 103,9 ұпай жинады, бұл 43-ші нәтиже болды және негізгі жарыстарда өнер көрсетеді.

Сабыржан Муминов өз кезегінде 86,0 ұпаймен 52-орынға ие болып, кезеңдегі жеңіс үшін күресін жалғастыратын үздік 50 спортшының қатарына кіре алмады.