Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақстандық спортшы Магомед Кабардиев жеңіл салмақтағы Naiza FC чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты кездесуінде қазақстандық өзбек өкілі Фарходхожон Машраповпен кездесті. Екінші раундта Кабардиев қылқындыру сәтті қолданды.

Еске салайық, турнир Алматыда өткен болатын.