Екатеринбургте (Ресей) өтіп жатқан RCC Intro 23 турнирінде жартылай орта салмақтағы ресейлік этникалық қазақ Ильяс Хамзин (10-2) өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы бразилиялық Альфредо Соуза болды. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған және бірінші раундта Хамзиннің техникалық жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Хамзин екі жеңіліспен ММА-да 11-ші жеңісіне қол жеткізді.