Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мец қаласында (Франция) өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Қазақстанның үздік теннисшісі Франция өкілі Эван Фурнесспен кездесті. Матч 5-7, 6-4, 7-6 (7-5) есебімен аяқталды.

Матч 2 сағат 31 минутқа созылды.