Неміс бундеслигасының төртінші турында «Вердер» (Бремен) TTC (Фульда) қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі клубтың құрамында жақында Қазақстанның оңтүстік астанасында аяқталған WTT Сontender Almaty қатысушылары: турнир чемпионы Рувен Филус (ТТС), жұптық сында күміс жүлдегері Маттиас Фальк («Werder»), біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко («Werder»), Марсело Агирре («Werder») өнер көрсетті.

Бремендіктер матчты бір деммен өткізіп, 3:0 есебімен маңызды жеңіске жетті.

Маттиас Фальк-Александр Кассен 3:0 (11:3, 11:5, 11:4)

Марсело Агирре-Квадри Аруна 3:2 (11.8, 7:11, 7:11, 11:7, 11:8)

Кирилл Герасименко-Рубен Филус 3:0 (11:9, 11:6, 11:5).

Германия чемпионатының 12 клубы арасында «Werder» 5 орында.