Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, британиялық боксшы кіші Крис Юбэнк Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп жазады Prosports.kz.

«GGG, орта салмаққа қайта оралыңыз, сіздегі белбеулер үшін желтоқсанда жекпе-жек өткізейік. Немесе олардан бас тартыңыз», - деп жазды Крис твиттер парақшасында.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Головкин «Канелодан» жеңіліп қалды. Ал Юбэнк ақпан айында өткен кейінгі жекпе-жегінде Лиам Вильямсонды жеңді.