Мексикалық боксшы Сауль Альвареске Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін ота жасалатын болды, деп жазады Prosports.kz.

«Енді ота жасатуым керек. Сол қолымды жаралап алғам. Бірақ менде бәрі жақсы», - деді Сауль Альварес. Сондай-ақ ол стақанды ұстай алмайтынын айтты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті. Головкин төрешілер шешіммен жеңіліп қалды (112:116, 113:115, 113:115).