Мексикалық боксшы өз мансабы, өз намысы, ақыры өз мұрасы үшін ресейліктен есесін қайтарып, оны жеңу маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволға қарсы тағы бір жекпе-жек өткізу ойында бар, деп хабарлайды ТАСС.

«Биволдан есемді қайтарғым келеді. Бұл менің мансабым, менің намысым, ақыры артымдағы елім, мұрам үшін маңызды. Бұл реванш міндетті түрде өтеді», - деді Сауль Альварес.

Бүгін көптен күткен жекпе-жек өтіп, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинді жеңіп кетті.

Дмитрий Бивол 5 қарашада Абу-Дабиде мексикалық Хилберто Рамиреске қарсы ойын өткізеді.

Биволдың менеджері Вадим Корнилов «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында «Канеломен» реванш өткізу өзекті екенін айтқан. Бұл жекпе-жек 2023 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.