Энья қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы ISU Гран-приі кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италияда ерлер арасындағы сында Рахат Бралин мен Диас Жиренбаев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Бралин Ригадағы кезеңде үшінші орын алды, ал Диас келесі аптада Ереванда жарысты бастайды.

Қыздар арасындағы жарысқа Қазақстан атынан ешкім қатыспайды.

Еске салайық, келесі кезең Ереванда 21-24 қыркүйек аралығында өтеді.