5-8 қазан аралығында Гданьск қаласында (Польша) мәнерлеп сырғанаудан ISU JGP Baltic Cup 2022 жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының алтыншы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыстарда Қазақстан екі бағдарлама бойынша – ұлдар мен қыздар арасында коньки тебуден өнер көрсетеді.

Ұлдар арасындағы жарыста Никита Козлов пен Артур Смағұлов бақ сынаса, қыздар арасындағы турнирдің өтінімдер тізімінде Анна Левковец, Бағдана Рақышова, Зере Сарбалина және Ясмин Текик (соңғы үшеуі резервтегі қатысушылар деп жарияланған) бар.