Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Польшадағы «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бастапқы матчта ол итальяндық Джанлука Магермен кездесті.

Кездесу үш сетке созылды. Қазақстандық спортшы 3-6, 6-1, 4-6 есебімен жеңіліп қалды.