Бүгін Глазгода Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогы-2022 финалдық турнирі аясында топтан шығу үшін жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы матчта Александр Бублик пен оның командасы Голландия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, командалар бұған дейін екі рет кездескен. 2020 жылғы ширек финалда қазақстандықтар қарсыласын 3:1 есебімен жеңген. Бұдан бір жыл бұрын финалдық турнирде де біздің жігіттер 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ойын күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Қарсыластардың жұптары әлі анықталған жоқ. Тікелей трансляция сағат 1:00-де (14 қыркүйек) басталады. Оны Qazsport арнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото: Андрей Ударцев