Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанған поляк теннисшісі Ига Свентек жекелей сында бұрынғыша көш бастап келеді.

Осы жарыстың финалында И.Свентектен жеңілген тунистік Онс Жабер екінші орынға көтерілді. Эстониялық Анетт Контавейт 3-сатыға ығысты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнында қалса, Юлия Путинцева 38-ден 36-ға жоғарылады.

Жұптық сында АҚШ ашық чемпионатында сәтті өнер көрсеткен чехиялық Катерина Синякова көш басына шықса, оның отандасы Барбора Крейчикова - екінші, бельгиялық Элизе Мертенс үшінші сатыда тұр.

Қазақстандықтардан Анна Данилина 19-дан 20-ға төмендесе, Елена Рыбакина 106-дан 102-ге көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын поляк теннисшісінің алғаш рет US Open турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ испаниялық теннисші АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Фото: РИА Новости / Алексей Филиппов