Хаен қаласында (Испания) футзалдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты аяқталды. Шешуші кездесуде Испания мен Португалия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания құрамасы 6:2 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет қатарынан Еуропа чемпионатында топ жарды.

Испания - Португалия 6:2. (2:1, 2:2)

Гол соққандар: Карраско (2), Хуан (17), Гарсия (42), Ривера (45), Сервиньо (47), Ордоньес (49) – Тейшейра (7, пеналь), Сервиньо (38, автогол)