Испания құрамасы – жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХаен қаласында (Испания) футзалдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты аяқталды. Шешуші кездесуде Испания мен Португалия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Испания құрамасы 6:2 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет қатарынан Еуропа чемпионатында топ жарды.
Испания - Португалия 6:2. (2:1, 2:2)
Гол соққандар: Карраско (2), Хуан (17), Гарсия (42), Ривера (45), Сервиньо (47), Ордоньес (49) – Тейшейра (7, пеналь), Сервиньо (38, автогол)