Қазақстандық жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Цюрихтегі «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Биіктікке секіруде спортшы 1,91 метр көрсетіп, төртінші болды.

Бірінші орын украиндық Ярослава Могучихте қалды - 2,03. Екінші орында Ирина Геращенко (Украина) - 1,94. Австралиялық Никола Олислагерс үздік үштікті тұйықтады - 1,94.